Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебі
Қамқоршылық кеңесі
I- отырысының хаттамасы
Мерзімі:Тамыз Қатысқандар: 30 адам (қорғаушылық
кеңесінің мүшелері, шақырылған ата-аналар, педагогтар)
Күн тәртібі:
Жауапты: А.Н.Садвакасов мектеп директоры
2.Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан
шыққан білім алушыларға маериталдық көмек көрсету.
Жауапты: Р.К.Шарипова ДТІЖО
3.Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ыстық тамақ ішуін ұйымдастыру.
Жауапты: Әлеуметтік педагог.
Тыңдалды.
Күн тәртібінің мәселесін мектеп директоры А.Н:Садвакасов таныстырды және мәселе бойынша сөз бастады. Ата-аналар,сынып жетекшілер аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2018-2019 оқу жылында «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалудың алдын алу,6-17 жас аралығындағы балаларға орта білім беруді қамтамасыз ету,жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізу, аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен көп балалы отбасылардан және жетім ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында білім беру мекемелерінде 2018 жылдың 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.Мұхтаж балаларға материалдық көмек көрсету ушін мәслихаттармен, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен,жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықты ұйымдастырылады.Әлеуметтік көмекке мұхтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету үшін киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын , тамақ өнімдерін қабылдау жұмыстары жүргізіледі.Сол себепті әлеуметтік көмекке мұхтаж балаларға көмек қолымызды созып демеуші болайық деп сөзін аяқтады.
Келесі сөзді ДТІЖО Р.Шариповаға берді. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға материалдық көмек көрсету.Ата-аналар акцияның мақсаты оқумен қамтылмаған балаларды анықтау,аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға , жетім балаларға сондай-ақ оқу жылына дайындық уақыты кезінде ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуін алдын алу.Мектеп жасындағы барлық балаларды орта білімен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударту,және көмек қолын созуды ұйымдастыру.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша ДТІЖО Р.Шариповаға жаңа оқу жылында әлеуметтік мәртебеге ие 26 (жиырма алты) оқушы бар.Оның 22 (жиырма екі) көпбалалы , 2 (екі) аз қамтылған отбасы , 2 (екі) қамқорынсыз қалған балалар (опекун) мектеп асханасынан ыстық тамақ ішеді.
Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
Хаттама №2
10.10 .2018ж Құдықағаш ауылы
Барлығы: 11
Қатысқаны: 11
Жиналыс төрағасы Ахметов Б.Р.
Хатшысы : Р.Шарипова
Күн тәртібінде:
1. 2018-2019 оқу жылында қамқоршылық кеңесін құру нұсқаулығымен таныстыру, қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мүшелерін сайлау.
2.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттерімен таныстыру және жұмыс жоспарын бекіту.
Тыңдалды: Мектеп директоры А.Садвакасов қамқоршылық кеңес отырысының күн тәртібімен таныстырып, 2018-2019 оқу жылында қамқоршылық кеңесін құру нұсқаулығымен таныстыру және қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мүшелерін сайлау туралы айтып өтті.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері төмендегі адамдардан құрылды.
Сөйледі.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Шарипова сөз алып, Қамқоршылық кеңестің мүшелерінің міндеттерімен таныстырып, жұмыс жоспарын бекітуді ұсынды.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы берілген қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді. Оқушылардың құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
Әлеуметтік жағдайға байланысты жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелеріне қатысады.
Мектептің материалдық- техникалық базасын жетілдіруге, спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға көмектеседі. Мектепте болып жатқан түрлі іс- шараларға қатысады. Тоқсан сайын 1 отырыс өткізуі қажет екендігі айтылды. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Шешімі:
1.1. 2018-2019 оқу жылында қамқоршылық кеңесін құру нұсқаулығымен таныстыру, қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мүшелері төмендегі адамдардан сайлансын.
1.Төрағасы – Ахметова Б.Р
2.Ата – аналар комитетінің төрайымы, кеңес мүшесі. – Қапажанова М.Б. 3. Ата-ана, кеңес мүшесі Нұрмағанбетова Б.З.
4.ШҚ- Байменов Ж.Ж
5. ИП-Юмашева А
6.Совхоз Заурал - жетекші маманы Лысенка Е.О
7.«ИП» «Ләззат» - Нүрпейісов Н.Қ
8.Бурабай Ұлттық паркі орман инспекторы - Бегахметов М.Қ
9.Баймырза «АГРО»-Жумагулов А.М
10.Яблоновка негізгі мектебі-Клименко Татьяна Викентьевна
11. Медицинская пункт с. Заураловка –санитарка Маркова Т.Н.
12.Хатшы –тәрбие ісінің меңгерушісі –Шарипова Р.К.
2.1. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттерімен таныстырылып, жұмыс жоспарын бекітілсін.
Жиналыстың төрағасы Б.Р.Ахметов
Хатшысы Р.К.Шарипова
Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебі бойынша
Қамқоршылық кеңесі
3- отырысының хаттамасы
Мерзімі:19 желтоқсан 2018ж Қатысқандар: 8 адам (қорғаушылық
кеңесінің мүшелері)
Күн тәртібі:
1.Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды тәрбиелеу,оқыту,дамыту және қорғау,қоғамдағы өмір сүруін қадағалау.
Жауапты: А.Н.Садвакасов мектеп директоры
2.Мүмкіндігі көпбалалы , қамқорлыққа алынған,аз қамтылған отбасының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастыру.
Жауапты: ДТІЖО Р.К.Шарипова
3.Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі
Жауапты: ДТІЖО Р.К.Шарипова
4.Әртүрлі мәселелер
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Н.Садвакасов сөз алды.Сөз барысында мектебіміздегі аз қамтылған отбасынан оқушыларды тәрбиелеу,оқыту,дамыту және қорғау ,қоғамдағы өмір сүруін қадағалау жайлы айтты. «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған, Жақсы жаман болса бала солардан» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.Ал балалардың өздеріне бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар сіздерге байланысты.Сондықтан әрбір ата-ана өз бақытын өмірінің жалғасы баласынан іздеу керек.Біздің бірлесіп тәрбиелеп отырған ұл-қыздарымыз болашақта ата-анасының үмітін ақтар,елін сүйер саналы да білімді азамат болады деп сенемін.
Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық,жылылығындай мейірімділік,береке, түсіністік пен сыйластық,үлкен бақыт тілеймін деп сөзін аяқтады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Р.Шарипова сөз алды.1 бала мүгедек, қамқорлыққа алынған екі оқушы бар.Олар Асылбекова Дильнас, Асылбеков Ақылбек.Аз қамтамасыз етілген отбасында 2 бала, 21 көпбалалы да бар , «Жаппай оқыту қорынан» келген кулек алу үшін тізімін анықтап сыйлықтарын дайындап қойдық.онымен қатар мектебіміздің «Қарлығаш» миницентр, даярлық топ, 1-4 сынып аралығы, 5-8 сынып аралығындағы балаларға АГРО «Баймырза» 82 кулек сыйға тартты.Сонымен қатар жаңа жылдық шыршаға ойыншықтар, аяз атаның қалтасына конфет алу үшін қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ахметов Балташ Рамазанұлы 20мың ақша сыйға тартты. ИП «Ләззат» дүкенің иесі Нүрпейісов Нұрлан Қантайұлы жаңа жылдық шыршаға, ойыншықтар, дождиктер, шам әперді.Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмысына дән ризамыз. Берілген кулектарды сыныптарында мерекелік іс шара болған кезде береміз.Сыйлықтар өз дәрежесінде жасалған деп сөзін аяқтады.
Мектебіміздің директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Р.Шарипова сөз алып әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі жайлы айтты.26 (жиырма алты) оқушы мектеп асханасынан ыстық тамақ ішеді. I – кезеңде 26 оқушы ыстық тамақ ішеді.Жеке кәсіпкердің есебінен 26 бала тамақ ішеді.
Қаулы:
Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №4
Хаттама №4
Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жүйесі
18.01.2019 ж
Қатысушылар саны- 11
Қамқоршылық кеңес мүшелері
Күн тәртібінде:
1. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын жүргізу туралы;
2. Мектеп асханасында балаларды сапалы тағамдармен қамтамасыз ету;
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Садваксов қамқоршылық кеңес мүшелеріне Біржан сал білім бөлімінің арнайы хатымен таныстырып, жалпыға міндетті «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру керектігін айтып өтті.
Кеңес мүшелерінің тарапынан қайырымдылық акциясы үшін арнайы есептік шот ашу керектігі жөнінде ұсыныс білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп асханасындағы балаларды сапалы тағамдармен қамтамасыз ету мәселесі айтылды. Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балаларды ыстық тағаммен қамтамасыз ету жолдары айтылды. Мектеп асханасындаға мәзірдегі тағамдардың сапалы, құнарлы, пайдалы болуын қадағалау жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Қаулы:
1. Жоспарға сәйкес мектепте «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы жүргізілсін.
2. Мектеп асханасында балаларды сапалы тағамдармен қамтамасыз етілу қадағалансын.
Кеңес төрағасы: Б.Ахметов
Кеңес хатшысы: Р.Шарипова