Текст
Ақпанның 5-і күні 3-сынып оқушыларымен «Балаға жүрек жылуы» С.А.Назарбаеваға арналған тақырыптық сынып сағаты өтті. Оқушылар «Қайырымдылық», «Мейірімділік», «Адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтті. Адамдармен қарым-қатынаста достаса білу, өзара келісімге келу, түсінісу, тіл табысу, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білу, көңіл күйін басқара алу қасиеттерін қалыптастыруды үйренді.