Текст
Егеменді еліміз - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуына білім қызметкерлерінің де үлесі мол. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын! Мереке қарсаңында мектебіміздің математика пәні мұғалімі Калиева Зейнегүл Борамбайқызы білім беру жүйесіндегі адал жұмыс атқарғаны және кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы" құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.