17.10.2019
«Нан» күніне өткізілген іс- шаралар туралы ақпарат.
Қазақта «ас атасы- нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені- нан.
Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып- ақ оған оң қолына нан
ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез
келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан
жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан
зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса,
көңіліңіз де, дастарқаныңыз да- орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған
секілді басқа тамақ көзіңізгекөрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-
ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, қуат беретін
ағзаға қажеттінің бәрі бар. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те,
амандық болсын» деген де сөз бар ғой. «Нанды жерге тастама», «нанның
үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің
барлығы- сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар.
Бүгін «Нан» күніне байланысты әр сыныпта сынып сағаттары өтті.
Сынып жетекшілер нан қайдан шығады, қалай жасалатының түсіндірді.
Бастауыш сыныпқа түсінікті болатындай көрнекі құралдар, жоғары сынып
оқушыларына бейне- жазбалар көрсетілді.