Текст
Бүгін 25 қазан күні мектебімізде «Отбасы- тәрбие бастауы, мектеп- тәрбие жаршысы» атты Республикалық бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
1-4 сынып оқушылары өздерінің «отбасылық альбомдарын», қолдарынан «отбасы ағашын», «отбасы бұрышын» жасады.
5-8 сыныптар «Менің бақытты отбасым» тақырыбында плакаттар салып, отбасы альбомын жасады.
9-11 сыныптар «Менің отбасым» тақырыбында бейне- роликтер жасады. Бейне- роликтерде оқушылар өздерінің балалық шақтарыннан, ата- аналарының суреттерін, отбасында аталып өтілетін мерекелерден фото суреттер алып жасаған. Бейне- роликтер өте әсерлі. Отбасылық сынып сағатында оқушылар отбасыларымен бақытты, өмір кешіп жатқандарын айтты.