03.02.2020-12.02.2020 күндер аралығында Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінде «Өзін-өзі тану Махаббат пен Шығармашылық педогогикасы» атты онкүндік өтті. 1-11 сынып оқушылары онкүдіктің ашылуын «Күнді мейірімділіктен баста» атты шаттық шеңберімен бастады.Ақпанның 4 күні көрсетілген жоспар бойынша бастауыш сынып оқушылары арасында «Дос болайық бәріміз», «Менің отбасым –менің тірегім», «Адамгершілік қасиеттер біздің бойымызда», «Адам болам десеңіз» атты коллаждар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде әр оқушы өз отбасының шежіресін жасады. Әр сынып өздерінің орындаған тапсырмаларын қорғап,талдау жасды.Сонымен қатар балаларға адамгершілікке,мейірімділікке, сүйіспеншілікке, бейбітшілік пен достық туралы түсініктер берілді. «Отбасы жылуы» сөзінің мағынасы ашылып, балалардың бойларына үлкендерге деген қомқорлық,сүйіспеншілік дағдыларын меңгертті.
Ақпанның 6 күні жоспарға сәйкес 2-11 сыныптар аралығында «Сүйіспеншілік –жүректе» атты би флеш-мобы жүргізілді.Барлық сыныптар толық қатысып,өз өнерлерін ортаға салды. Ақпанның 7 күні 1-11 сыныптар аралығында «Жақсылық-жан азығы» атты қайырымдылық акциясы жүргізілді.Бұл акцияның негізгі мақсаты оқушылардың бойына адами қасиеттерді дарыту және адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушы бойына осындай қасиеттерді ұялатып, жан-жағындағыларға тек жақсылық тілеп,жанашырлық танытып, кез-келген ортада өзін жақсы ұстай алатын, өмір сүруге құштар тұлға қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.
Осыған орай мектебімізде өткізіліп жатқан қайырымдылық акциясы адамгершілік пен мейірімділікке бастайтын алғашқы қадам деп білуіміз керек. Осы акция кезінде мектеп оқушылары үйлерінен тәттілер пісіріп әкеп, тегін бір-біріне алғыс айтып таратты.
Қайырымдылық акциясына мектеп ұстаздары қолынан келгенше өз үлестерін қосты және оқушылар тарапынан осындай қайырымдылық акциясы жиі өтіп тұрса деген тілектер білдірді.Ақпанның 10 күні жоспарға сәйкес Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінде 7-11 сыныптар аралығында «Қоғамға көмек» акциясы жүргізілді.
Бұл іс- шараның негізгі мақсаты оқушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту және адамдарға көмек көрсете білуге тәрбиелеу.«Қоғамға қызмет ету » акциясы бойынша 7-11 сынып оқушылары ауыл мешітіне көмек қолын созуға бардық.Ауладағы қарларды тазалап, үлкендердің батасын алдық.
Флеш-мобтың негізгі мақсаты оқушыларды татулыққа, ынтымаққа, бір-бірін сыйлауға үндейді.Би арқылы заманауи тұрғыда дәстүрге айналған өнерді өздері құрастырады.Талапты да өздері-өздеріне қоя біледі.Оқушылыр берілген тапсырманы бұлжытпай орындады.Барлық оқушылар үлкен қызығушылықпен өз өнерлерін ортаға салып, дән риза қылды.Би өнері тамаша өтті. Өзін-өзі тану пәні бойынша ақпанның 11-күні 5,6,7-сыныптар аралығында Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінде « Өзін –өзі тану елінің көшбасшылары» атты сайыс сабақ өткізілді.Сайыстың мақсаты-адамгершілік, адами құндылықтар, жақсылық жасау, адами болмыстарын бойларына сіңіру.Сайыс 2 топтан құралды. Топтар өздерін таныстырды. «Кім көп сөз табады?» , «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Ойлан, тап достар» , «Табиғатты сүйемін» атты бөлімде адамның бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді саралап, даралап таба білуде оқушылар берілген тапсырманы жақсы орындап шықты.Құрылымына қарай 8 бөлімге бөлінген сайыс өз мәресіне жетті.Топжарған оқушылар өздерінің білімді, ақылды, шапшаң,
көшбасшы екендерін дәлелдеді.Жеңіліске жеткен оқушыларға сәттілік тілеп, келесіде жеңіске жетуге білімдерін, жігерлерін жұмылдыруға тілек білдірді.Сайыс әдемі әсем әуенмен аяқталды.
Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі бойынша ақпанның 12-күні 10 сыныпта өзін-өзі тану пәнінен «Сүйіспеншілік-өмір негізі» атты ашық сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты-адамгершілік, адами құндылықтар, жақсылық жасау, адами болмыстарын бойларына сіңіру және «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу болып табылды.
Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі бойынша ақпанның 12-күні 10 сыныпта өзін-өзі тану пәнінен «Сүйіспеншілік-өмір негізі» атты ашық сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты-адамгершілік, адами құндылықтар, жақсылық жасау, адами болмыстарын бойларына сіңіру және «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу болып табылды. Құрылымына қарай сабақ жоспары 9 бөлімнен құралған. Оқушылар үш топқа бөлінді.Сабақ жоспарына сәйкес Тыныштық сәті « Нұрға бөлену» тақырыбында іске асты.Сонымен қатар С.А.Назарбаеваның қоғамдық қызметі жайлы «Махаббат шуағы » тақырыбында видео көрсетілді.Сабақта «Кім және не мейірімді» ойыны ойналды және біршеше шығармашылық жұмыстар орындалды. Аналардың құрметіне оқушылармен бірге «Ана» әнін орындадық. Сабаққа мектеп директоры Садвакасов Алтай Нөгербекұлы, оқу ісінің меңгерушісі Шарипова Раушангүл Кенжебайқызы және басқада мұғалімдер қатысты. Мұғалімдер мен оқушылар жақсы көңіл күймен сабақтан шықты.Сабақ «Жүректен жүрекке » тілектер білдіру арқылы сабағымыз яқталды.
Құрылымына қарай сабақ жоспары 9 бөлімнен құралған. Оқушылар үш топқа бөлінді.Сабақ жоспарына сәйкес Тыныштық сәті « Нұрға бөлену» тақырыбында іске асты.Сонымен қатар С.А.Назарбаеваның қоғамдық қызметі жайлы «Махаббат шуағы » тақырыбында видео көрсетілді.Сабақта «Кім және не мейірімді» ойыны ойналды және біршеше шығармашылық жұмыстар орындалды. Аналардың құрметіне оқушылармен бірге «Ана» әнін орындадық. Сабаққа мектеп директоры Садвакасов Алтай Нөгербекұлы, оқу ісінің меңгерушісі Шарипова Раушангүл Кенжебайқызы және басқада мұғалімдер қатысты. Мұғалімдер мен оқушылар жақсы көңіл күймен сабақтан шықты.Сабақ «Жүректен жүрекке » тілектер білдіру арқылы сабағымыз яқталды.
Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
атты декаданың аяқталуы барлық сынып оқушылары шаттық шеңберін құрып, өздерінің жүректерінен шыққан жылы сөздерін бір-біріне мейірімділік пен сүйіспеншілік арқылы білдірді.
Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
атты декаданың аяқталуы барлық сынып оқушылары шаттық шеңберін құрып, өздерінің жүректерінен шыққан жылы сөздерін бір-біріне мейірімділік пен сүйіспеншілік арқылы білдірді.