Бір
апта бойынша ой толғау
«Қазақстан Республикасында
орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін
жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Осыған орай мұғалімдердің
тәжірибесін арттыру және қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы
педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары
бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдердің (бұдан әрі – мектеп тренерлері)
әлеуетін пайдалану қарастырылған. Осы мақсатта «Педагогикалық шеберлік
орталығы» жекеменшік мекемесі «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін
мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын (бұдан әрі –
Бағдарлама) әзірледі».
Қазіргі таңда ұстаздар
қауымына қойылып отырған
талап күшті. Ұстаз ең
алдымен білімді, ақпараттық
құралдарды жетік меңгерген, үнемі өзі
үшін ізденуі қажет. Адам баласы шын мәнінде білімді болуы
үшін үш қасиетті: жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы, және сезім қажет.
Осы мақсатта Көкшетау
қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығында» ұйымдастырылған 30 қазаннан
бастап «Тәжірибедегі рефлексия» курсына біліктілігімді арттыруға келдім.
Бірінші апта барысында мұғалімдерді оқыту үдерісінде өз білімімді тәжірибеде
қолдануды, табысты және сенімді оқытудың дағдылары мен түсініктерін дамытуды
үйрендім. Алғашқы күннен бастап
тренеріміз әр-түрлі қызықты тренингтер өткізу арқылы тыңдаушыларды бір-бірімен
таныстырып, жағымды психологиялық ахуал орнатты.
Бірінші апта барысында
мен әр-түрлі тренигтер, әдіс-тәсілдермен, кері байланыс және рефлексия
түрлерімен таныстым. Кейбір әдістерді бұрыннан білетінмін, бірақ .... Мысалы мен
«Автор орындығы» әдісін «Ыстық орындық»
әдісімен шатастырып жүріппін. Ал осы әдістің қыр-сырын түсініп, оны тек сабақ
барысында емес сонымен қатар мұғалімдермен, тіпті ата-аналармен жүмыс барысында
қалай тиімді пайдалануға болатынын түсінідім. Жұмыс барысында өзінді дұрыс
ұстау, сауатты сөйлеу тренердің басты құралы екеніне көзім жетті.
Мұғалімнің ұстанымы оның
көзқарасының қалыптасуына зор ықпал ететінің, ал, көзқарасы белгілі бір шешім
қабылдауына, сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру кезі болып табылады. Сондықтан
да мен үшін не маңызды? Маған не тән? Мен не істеуім керек? Осы сұрақтарды
өзімізге қоя отырып тренерге тән құндылық қасиет, дағдыларды анықтадық.
Мен мектеп тренері ретінде өзім де заманауи
әдіс-тәсілдерден құралақан болмауым керек деп санаймын. Қазіргі мектепке
қойылатын талапты ғана біліп қоймай, түсінуім де қажет, қолдануым да,үйретуім
де керек. Басқаша айтқанда кез келген
мұғалімнің орнына сабақ бере алатындай, мұғалімге үйрете білетіндей деңгейде
дағдыларымды дамытуда әліде ізденемін.
«Тәжірибедегі рефлексия» курсының тыңдаушысы
Каримова Нұргүл Базарбекқызы