Текст
Қазанның 20-сы күні Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінде «Алтын күз» мерекесі өткізілді. Мерекеде «Күзгі мода», «Күзгі пейзаж», табиғи материалдардан жасалған қолөнер бұйымдары бойынша сайыстар өткізілді. Осы мерекеде 5 сынып оқушылары жоғары белсенділік көрсетіп, өздерінің ерекше жасалған бұйымдарымен көрермендерді тәнті етті. Мысалы, қоқыс қапшықтарынан жасалған көйлек, тастардан жасалған сурет, жемістерден жасалған панно.