Текст
27 қыркүйек күні Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің 9 сынып оқушылары «Туған жер» жобасының аясында өткізілген алғашқы экспедицияға қатысты. Экспедецияның салтанатты ашылу рәсімі Степняк қаласында өтті. Экспедицияға аудан бойынша 5 мектептен 30 оқушы қатысты. Алғашқы экспедиция атақты жерлесіміз, айтыскер-ақын Біржан салдың өмірін зерттеуге арналды. Маршрут бойынша экспедициялық топ Біржан-сал атындағы музыкалық мектепке, мәдениет үйіне, бейіт басына және ең соңында Көкшоқы (Кирзуха) төбесіне барды.