"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚҰДЫҚАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ РАМАЗАН ЕЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КУДУКАГАШ ИМЕНИ РАМАЗАНА ЕЛЕБАЕВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарық. Жарықтың қасиеттері. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері.Күн –жұлдыз.

29.04.2017

Сабақтың тақырыбы:  

Жарық. Жарықтың қасиеттері. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері.Күн –жұлдыз.

Сабақтың мақсаты:  

жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы, жарықтың

түзу   сызықпен таралуы, Күннің құрылысы,

Күннің және Айдың   тұтылуы туралы

мағлұмат беру;

Білімділігі:                             

 әлемнің тіршілігі үшін жарықтың

алатын орны туралы өзіндік   ой қорыту,

білімдерін тереңдете түсу;

Дамытушылығы:      

оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі:                        

сыныпта жауапкершілікті сезіне 

отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі:         Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:         жеке ,

топпен жұмыс

Оқыту әдісі:               түсіндірмелі, сұрақ-жауап, танымдық ойындар

Пәнаралық байланыс:  геометрия, 

жаратылыстану

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар,  үлестірмелі карточкалар, дидактикалық

материалдар, электр шамы, т.б.

Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау,

дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. § 59,

60 (тест

және карточкалармен бекіту)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А) тест жұмысын беру

1.     Магнит өрісін

өзгерткенде, электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?

А) электр өрісі

ә) Электрмагниттік

индукция құбылысы

б) магнит өрісі

2.     Электромагниттік индукция

құбылысын ашқан кім?

А) Андре Мари Ампер

ә) Александро Вольта

б) Майкл Фарадей

3.     “Индукция” латын тілінен

аударғанда қандай мағына береді?

А) магнит

ә) бағыттау

б) индукция

4.     Механикалық энергияны

электр  энергиясына айналдыртын машина

А) трансформатор

ә) генератор

б) ротор

5.     Кернеуді арттыруға және

кемітуге арналған құрал қалай аталады?

 А) трансформатор

ә) генератор

б) ротор

 

ә)  үлестірмелі карточкалар

беру.  

1) - Электромагниттік индукция құбылысы не үшін қолданылады?

(жылу мен гидроэнергия станцияларына электр энергиясын алу үшін)

2) -  Генератор қандай

бөліктерден тұрады? (индуктор, якорь, контакт сақиналары)

3) – Генератор дегеніміз не? (механикалық энергияны  электр энергиясына айналдыратын машиналар)

4) –Трансформатор неден тұрады? ( темір өзектен, әр түрлі

орам саны бар екі шарғыдан)

5)– Генератордың айналатын бөлігін, ал қозғалмайтын бөлігін қалай атайды?

(ротор, статор)

6)– Троансформатор дегеніміз не? (Кернеуді арттыруға және

кемітуге арналған құрылғылар)

         7)-Электрқозғалтқыш дегеніміз

не? (Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыруға арналған электр

машинасы)

8)-Магнит өрісі дегеніміз не?(Электр тогы бар өткізгіштердің өзара

әрекеттесуін жүзеге асыратын материяның түрі)

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

         Жарық

және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика  (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді

білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады.

         Жарық

нені білдіреді?

         Жарық

–заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып

табылатын фотондар ағыны.

         Фотондар

ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны

жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады.

         Фотондар

жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады.  Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше

болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең.

Мұндай жылдамдықпен бірде –бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала алмайды.

 

 Вакуумде

с=300 000 км/с

Ауада       с=

299 711 км/с

Суда       с=225 000 км/с

Шыныда  с= 200 000 км/с

         Вакуумдегі жарық жылдамдығы – табиғатта мүмкін болатын үлкен  жылдамдық.

         Жарық көздері – жарық

шығаратын денелер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Ғаламдағы

негізгі жарық көздері-жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның

дөңгелегін көре алатын Күн-бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз, сондықтан

оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Күннің  массасы Жердің массасынан 333000 есе үлкен.

         Күн

- өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық

денелерге сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді; оларды қыздырады, планеталар

атмосферасына әсер етеді.  Жердегі

тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің

өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күн энергиясының біраз бөлігі тас көмір, мұнай

және басқа пайдалы қазбалар түрінде Жер астында сақталған.

         Барлық

жұлдыздар сияқты Күн-қызған газ шары негізінен, ол гелий қоспасы (10  пайыз) бар сутектен тұрады.

 

 

               Күн құрылысы

Ядролық белдеу – мұнда қысым мен температура

ядролық рекциялардың жүруін қамтамасыз етеді.

1)    Сәулелік белдеу -  энергия қабаттан қабатқа электромагниттік

энергия кванттарын алма кезек жұту және шығару арқылы сырқа береді.

2)    Конвекция белдеуі -  “сәулелік” белдеудің үстіңгі жағынан Күннін

дәл көрінетін шекарасына шейінгі аралық. Мұнда температура Күннің көрінерлік

шекарасына жуықтаған сайын тез кемиді де, соның нәтижесінде зат алмасу болып

жатады( астынан жылытқан ыдыстағы сұйықтың қайнағаны сияқты)

3)    Атмосфера – бұл бірден

конвекциялық белдеуден басталады да, Күннің көрінетін дөңгелек  жүзінің шегінен аулаққа таралып кетеді.

Аьмосфераның төменгі қабатына газдардың жұқа қабаты кіреді, біз оны Күннің беті

ретінде қабылдаймыз. Атмосфераның қалыңдығы 200 –300 км, ең терең

қабаты-фотосфера. Хромосферадан жоғары Күннің 10 радиусындай аралықта Күн

газдарының температурасы өзгермейді. Бұл 

сиретілген және ыстық қабық күн тәжі деп аталады. Күн тұтылу кезінде

көруге болады. Күн тәжінің газы планетааралық кеңістікте таралып, Күннен

тұрақты таралатын күн желі деп аталатын ыстық сиретілген плазма ағыны. Күн

тәжінде одан да керемет, әрекетті түзілістер протуберанцтер байқалады. Олар тәж

затымен салыстырғанда тығыздау газдардың бұлттарының қозғалысы.

 Соңғы мәліметтер бойынша Күннің жасы  5 000 000 000 жыл жасында.

Күн Жерде болатын құбылыстарға

үлкен ықпалын тигізеді. Ол жер үшін негізгі жылу көзі болып табылады. Күн жерді

жарықтандырып және  жылытып қана

қоймайды, сонымен қатар 11 жыл сайын болып тұратын күн белсенділігі – бірқатар

геофизикалық құбылыстардың тууына жол ашады. Мысалы: Күннің қысқа толқынды

сәуле шығару радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді, кей кезде радиобайланыс

бұзылады.

 

ІІІ. Егер көз бен жарық көзінің арасына мөлдір

емес нәрсе орналастырса, онда жарық көзі көрінбейтін болады. Бұл біртекті

ортада жарық сызық бойымен – түзу сызықты тарайтынын түсіндіреді. Жарықтың

таралу заңы дегеніміз осы.

Жарық көзінен

келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады.

Берілген шектелген бағытта

тарайтын жарық сәулелерінің  жиынтығы

жарық шоқтары  деп аталады.

Топқа бөлу

І

топ  Жарық

ІІ

топ   Фотон

Оқулықпен дәптермен

жұмыс.

Сызбаны толтыру

“Жарық” тобына

 

 

 

 

 

 

 

 

   “Фотон” тобына

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтамен жұмыс.

“Кім жылдам” ойыны.  Қолдарына кеспе

қағаздарын беріп, тақтада ілінген жарық көздерін сәйкес ілу.

“Жарық”

тобына                                                    

 

 

 

 

  

 

 

 

“Фотон”

тобына

 

 

 

 

 

 

 

Люминесценттік  шамдар                                  Электр

тогын өткізетін газдар

Теледидар экраны                                             Жарнамалық

түтікшелер

Тамыр шірінділері                                            Лазерлер

Жарық қоңыздары                                            Кварц

шамдары

Судың терең қабатында жүзеті

н балықтар                                                          Солтүстік шұғыла

Металдардың әр түрлі тұздары                       Күн

желі

Сабақты бекіту.

 

 

“Бәйге” жарысы. 

Шарты:  Аттардың артындағы

сұрақтарға жауап беру арқылы екі топ жарысады. Жауап берген топтардың аттары

алға қарай жылжиды. 

 

 

 

 

 

МӘРЕ

         

“Жарық” тобына                               

  - 

Вакуумде жарық қандай жылдамдықпен    

таралады?(с= 300 000 км/с)

- Табиғаттағы мүмкін болатын ең  үлкен жылдамдық   қайда? (вакуумде)

  -  жарық көздері неше топқа бөлінеді?( екі,

дербес жарық көздері, шағылған   

жарық  көздері)

“Фотон” тобына

 -  Бізге ең жақын  жұлдыз  

ата ?  (Күн)

 - Жарық

қоңыздары, теледидар экраны,  тамырдың

шірінділері, судың терең       қабатында жүзетін балықтар, т.б.    сиретілген газ қай жарық көзіне  жатады? (плазмалық)

 - күн желі

деп аталатын  ыстық қай жарық көздеріне

мысал бола алады ? ( люминесценциялық)

 

                  Семантикалық картаны толтыру.

Жарық

Не үшін керек

Жарық көздері

Жылдамдықтар

/өлшемдері/

Химиялық реакциялар

Қолданылуы

Жарық

 

Аспан денелері

 

Табиғи

 

Жасанды

 

Күн

тіршілік;

табиғатты тану;

дүниені көру;

оптикалық аспаптар;

қызу, жану, жарық.

дербес;

шағылған

жарық көздері

сәуле шығару энергисы;

толқындық қасиеттері;

массасы / фотон /;

300 000 км/с;

300 000 000

м/с.

мата бояуларының

оңуы;

фотопластиналар;

фотопленкалар;

өсімдік

жапырақтарында жарық әсерінен хлорофилл түзіледі;

дене жарықты жұтады.

әскери техникада;

медицинада;

көлік қозғалысының

қауіпсіздігі.

 

                                    

Эксперименттік тәжірибелер, зерттеулер,

тапсырмалар.

 

1 топқа: Амперметр, батарея, кілт, шам, тізбек

құрау, сұлбасын сызу.

- түсіндіру.

Жауабы: Жарықтың танымдық және практикалық мәні

бар. Жарық – сәуле шығару.

2 топқа: Вольтметр, амперметр, батарея, шам, кілт,

экран.

Жауабы: Жарық – бір түзудің бойымен таралады.

 

 

Сабақты

қорытындылай келе «Сөзжұмбаққа» кезек береміз.

1.    

Ғаламдағы негізгі жарық көздері /Жұлдыз/

2.     Жарық

жылдамдығы 299 711 км/с – қа тең вакуумге қарағанда аз зат /Ауа/

3.    

Күннің көрінетін бөлігі /Фотосфера/

4.     Күн

тұтылуының толық фазасы кезінде көруге болатын түр /Шұғыла/

5.    

Вакуумдегі жарық үшін қажетті физикалық шама /Жылдамдық/

Үйге

тапсырма.

§ 61. Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері

 § 62.  Күн –жұлдыз

Просмотров: 660


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст