11.03.2017
Аудандық "Жастар-2017" спартакиада бағдарламасы бойынша ер балалар арасындағы волейбол жарысында Құдықағаш орта мектебінің командасы І орынды иеленді. Сонымен қатар Нөгербек Айдын "Үздік шабуылшы" және Даулетхан Жандос "Үздік байланыстырушы" болып танылып, мадақтамалармен марапатталды.