Рамазан Елебаев атындағы
Құдықағаш орта мектебі
Биология пәні мұғалімі
Рахметов Мейрбек Абушахманович
7-сынып биология сабағы
Сабақ тақырыбы: Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі
маңызы.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы,адам өміріндегі маңызын,паразит
жәндіктер қоздыратын аурулар және
олармен күресу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін
дамыту,ой-өрісін кеңейту,есие сақтау
дағдысын қалыптастыру.Пәнге деген қызығушылығын ояту. Еркін сөйлеп,ойын
жеткізуге,салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік:Жаңа
білімді игерте отырып,санитарлық-гигиеналық тәрбие беру.
Сабақ түрі;Аралас сабақ
Сабақ әдісі:Тірек-сызба,Венн диаграмасы.
Көрнекілігі:біржасушалы жәндіктер суреті,кесте.
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,валеология
Сабақ
барысы;
1.Ұйымдастыру.
2.Үй
тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа
сабақты тусіндіру.
4.Бекіту.
5.Қортындылау.
6.Үйге
тапсырма.
7.Бағалау.
Кіріспе
бөлімі.
Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздерме,оқушылар.
Бүгін біз жаңа тақырып; Біржасушалылардың адам
өміріндегі, табиғаттағы маңызы атты жаңа тақырыпты меңгереміз.Жаңа тақырыпты
меңгермес бұрын өткен тақырыптар туралы білімдерін қайталап еске түсіру
мақсатында оқушылардың білімдерін тексеру,яғни біржасушалылардың тіршілік
әрекеті.
Үйге қандай
тапсырма берілді?
Жауап; Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеті.
Негізгі бөлім.
Үй
тапсырмасын тірек сызба жұмысымен тексеру.
Біржасушалы жәндіктер класы
Кім жылдам? Ойыны .
1.Қарапайым ғылымда
қашан және қандай жағдайда белгілі болады?
2.Қарапайымдар
табиғатта қай жерлерде көп таралған?
3.Цистаның қандай
маңызы бар?
4.Кірпікшелі
біржасушалы жәндік?
5.Денесінде
хлоропласторы бар біржасушалы жәндік?
6.Дене пішіні
тұрақсыз жалған аяқты жәндік?
3.Құпия сан ойыны.
1.Өсімдіктер
тәрізді қоректенетін жәндік?
2.Қыста жәндіктер
неге өлмейді?
3.Денесінде
бақалшақ болатын амебаның түрі?
4.Домаланғының бір
түрінің шоғырында қанша жасушаға дейін болады?
5.Эвглена мен
домаланғыны басқаша атауы?
6.Амеба мен
арцелланың басқаша атауы?
Жауаптары;
1.Тамыраяқтылар. 2.Арцелла. 3.Талшықтылар. 4.Эвглена
5.Циста түзейді 6.500-1000
4.Кім тапқыр? жұмбақ ертегі .
Баяғы өткен заманда
бір патша өмір сүріпті.Ол өте ақылды және қарапайым болған екен.Патшаның үш ұлы
болған,олардың мінезі құлқы мен жаратылысында өзгешіліктер болыпты.Үлкен бір
орында тұра алмайтын,соған сай мінезі де құбылмалы екен.Ортаншысы өте сәнқой
болыпты,күндіз жасыл көйлек кисе,түнде ақ көйлек киіпті.Үнемі төбесінен бір такл үкісі түспепті.Ал кішісі
ерекше пысық болыпты,оның әдемі кірпіктеріне қызықпаған ел қалмайды.Тіпті екі
жүрегі болған ұқсайды.Бірақ,осы үш ұлдан
көптеген елдер зиян шегіпті де,патшаға арыз айтушылар көбейіпті.Сонда әбден
шаршаған патша хаклыққа мынандай үндеу тастапты; менің ұлдарымның бойында ерекше қасиеттері бар,кімде-кім сол
қасиеттерін тапса,бас уәзірім болады –депті.
Ал қане ойланайық! Кім тапқыр екен?
Жаңа сабақты
түсіндіру барысы.
Оқушылардың алдын
ала берілген хабарламасын тыңдап,толықтыру.
1-оқушы.Біржасушалы
жәндіктердің пайдасы.
2-оқушы.Біржасушалы
жәндіктердің зиянын
|
|
|
|
|
|
Жалпы біржасушалы
жәндіктер екі топқа бөлінеді;
1.Еркін жүріп
тіршілік ететін біржасушалылар
2.Адам мен
жануарлардың әртүрлі мүшесінде паразиттік тіршілік етіп,түрлі аурулар тудырадын
біржасушалылар.
Еркін жүріп тіршілк
етіп,түрлі ауыру тудыратындардың табиғатта және адам өмірнде өзіндік маңызы зор.Бұлардың көпшілігі
бактерилармен қоректеніп,суды тазартады.Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақ
шаяндарға, біржасушалы жәндіктерге,балықтар мен шабақтарға,басқа да су
жәндіктеріне қорек болады.Біржасушалы жәндіктердің қалдықтарынан су түбіндегі
шөгінді құралады.Геолог ғылымдар осы шөгінділер жинақ талған жерлерде мұнайдың
мол қоры болатындығын анықтаған.Топырақ түзуге де өз үлестерін қосады.
Қарапайымдардың ішінде адам өмірі
мен жануарлардың әртүрлі мүшелерінде
паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудырадындары да көп.
Соларды мына кестеден қарап,толықтырайық.
Паразитті тіршілік ететін жәндіктер.
Жәндік аты |
Тудыратын ауыру аты |
Жұқтырушы орта |
Дизентерия амебасы |
Қантышқақ ауруы |
Жуылмаған көкеніс,лас су |
Безгек паразитті |
Безгек ауруы |
Безгек масасы |
Трипанасома |
Адамда ұйқы ауруы Жылқыда киенкі Сиырда су ауруы |
Сона,қандала,цеце шыбыны |
Лейшмания |
Лейшманиоз |
Құм шіркейі |
Құртамыш |
Кокцидиоз |
Лас қол,лас су |
Лямблия |
Лямблиоз |
Лас,қайнамаған су |
Трипанасома жұлын
сұйықтығында,қанда паразиттік тіршілік етеді.Қанның қызыл түйіршігін
бүлдіріп,адамда,малда жұқпалы ауру туғызады.Таратушылары сона,қандала,цеце
шыбыны.Табиғаттағы иесі киік.Адамда ұйқы ауруын,жылқыда кілеңкі ауруын,сиырда
су ауруын туғызады.
Безгек паразиті тасмалдаушысы безгек
паразиті.Қанның қызыл түйіршігінде тіршілік етеді.Бір түйіршіктен екіншісіне
ауысқанда ауру ұстайды қазір бұл ауыруларға қарсы хиннин,акрехин дәрілері
жазалған.Безгек қарапайым безгек жәндік безгегі арқылы өріс алатындығын,сол
қоздырғышты ауру қанынан тұңғыш рет 1879 жылы орыс дәрігері В.И.Афанасьев
байқап,оны 1881 жылы француз ғалымы
Лаверан қуаттады.1900жылы италиан
зоологы Батиста Грасси безгек ауруын тек безгек масасы арқылы
тараладындығын тәжірбие арқылы дәлелдеді.
Құртамыш спора арқылы көбейетің бір жасушалы
жәндік,ішек,бауыр.бүйрек,т.б мүшелердің
жасушаларын зақымдай отырып кокцидиоз
деп аталатын ауру туғызыды.
Парзиттік
тіршілік ететін біржасушалардың ішінде адамда, жануарда қауіпті ауырулар туғызатындары көп.Олардың
жұқтырмау үшін ең бастысы тазалықты сақтау керек.Ол үшін үйді,төсек
орын,киімді,ыдыс аяқты,азық түлікті таза ұстап,қолды жұғаннан кейін ғана тамақ ішкен жөн.Паразиттік тіршілік
ететін,ауру тудыратын қарапайымдардың көбейіп кетуіне мүмкіндік беретін табиғи
ошақтарды үнемі құртып отыру керек.
Бекіту.
Оқушылардың жаңа
сабақтан алған білімдерін тексеру барсында сұрақтар берілді. Сұрақтар:
1.Паразитті
жәндіктер деген ұғымды қалай түсінеміз?
2.Қандай аурулар
біржасушалы паразиттер арқылы таралады.
3.Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын ізде деген
халық нақылын қалай түсінесің?
Қорытынды бөлім.
Қорытындылау.
Тақырыпты
қортындылау кезінде оқушыларды екі топқа бөліп,бір тобы біржасушалы
жәндіктердің зияны ізде,екінші топ табиғатқа маңызын іздеп,айқындап,Венн
диаграмассын толтырады.
Үйге тапсырма.